Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль мен Ливан атысты тоқтату туралы келісімге келді

Израиль Ливан
Фото: РИА Новости

Израиль мен Ливан АҚШ-тың делдалдығымен атысты тоқтату туралы келісімге келді. Қақтығыс тараптарының бірлескен мәлімдемесінің мәтінін АҚШ Мемлекеттік департаменті жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құжатта екі ел өкілдерінің үшжақты кездесуі 2 және 3 маусым күндері өткені айтылды. Сондай-ақ мәлімдемеде атысты тоқтату шарты ретінде “Хезболла” ұйымының толық түрде атысты тоқтатуы және оңтүстік Ливан аумағынан барлық қарулы мүшелерін шығару талап етілетіні көрсетілген.

“Израиль мен Ливанның бір-біріне қастық ниеті жоқ және олар бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысты жан-жақты келісім жасауға ниетті. Бұл мәселе бойынша келіссөздер 22 маусымнан кейінгі аптаға жоспарланған. Ливан АҚШ-тың қолдауымен елдің бүкіл аумағына тиімді бақылау орнату үшін Ливан қарулы күштерінің әлеуетін арттыруға міндеттенді”, – делінген құжатта.

 Ал келісімнің маңызды шарты – Хезболла ұйымын қарусыздандыру және оның әскери құрылымдарын жою. Себебі Израильдің қауіпсіздігі осы шарт орындалғанда ғана қамтамасыз етіледі деп көрсетілген.

Бұған дейін Трамп Израиль әскеріне Ливанға соққы жасауға тыйым салған еді. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен оның кеңесшілері бұл мәлімдемеге таңғалған. Себебі ол АҚШ Мемлекеттік департаменті жариялаған Израиль мен Ливан арасындағы атысты тоқтату туралы келісім мәтініне қайшы келеді.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 04 Маусым, 2026 09:00