Келісім аяқталды: Нетаньяху "Хезболлаға" қарсы соққылар жасауға бұйрық берді

Фото: Menahem Kahana/ Pool Photo via AP
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ливандағы Хезболла нысандарына "қатаң соққы беруге" бұйрық берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Исламшыл "Хезболла" тобының жауынгерлері атысты тоқтату режимі күшінде болғанына қарамастан, Оңтүстік Ливандағы Кантара маңындағы олардың позицияларына дрондар арқылы шабуыл жасады”, – деп мәлімдеді Израиль әскері.
Израиль премьер-министрінің кеңсесі хабарлағандай, Израильдің Қорғаныс армиясы премьер-министр Биньямин Нетаньяхудан Ливандағы "Хезболла" қозғалысының нысандарына қуатты соққылар жасау туралы бұйрық алған.
Сонымен қатар армия танкке қарсы зымырандар жасырылған қойманы анықтап, 15-тен астам "лаңкесті" жойғанын мәлімдеді.
- Иран "Хезболланың" әскери операциясын қолдап, Израильге шабуыл жасады
- АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылдарынан қаза тапқандар саны 787 адамға жетті
Израиль мен "Хезболла" арасындағы қақтығыстар Ливанда бірнеше аптадан бері жалғасып келеді. Бұған шииттік "Хезболланың" Ирандағы билікпен байланысы себеп ретінде аталады. Тегеран режимі жылдар бойы "Хезболланы" қару-жарақпен және қаржымен қолдап, оның Ливанда "мемлекет ішіндегі мемлекетке" айналуына ықпал еткен.
АҚШ-Израиль Иранға жасаған соққылардан кейін "Хезболла" одақтасының жағына шығып, қақтығысқа араласқан. Содан бері ол Израильге зымырандармен тұрақты түрде шабуыл жасап келеді. Қазір ресми түрде атысты тоқтату режимі сақталған, алайда АҚШ президенті Дональд Трамп жақында оның тағы үш аптаға ұзартылғанын хабарлаған. Соған қарамастан, кішігірім қақтығыстар жалғасып жатыр. Енді жағдай қайтадан кең ауқымды соғысқа ұласуы мүмкін.
Бұған дейін 8 сәуірде Израиль Қорғаныс армиясы Ливанның бүкіл аумағына ең ауқымды әуе соққыларын жасаған еді. Израиль әскерінің мәлімдемесінде бұл шабуыл нақты барлау деректеріне негізделгені және бірнеше апта бойы мұқият жоспарланғаны айтылған.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек