Иран атысты тоқтату режимі орнағаннан бері алғаш рет Израильге зымырандар ұшырды

Жексенбі күні кешке Иран Израильдің солтүстігіне бірнеше рет зымырандар ұшырды. Израиль қорғаныс армиясы Ираннан атылған барлық зымырандарды ұшу кезінде жойғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
ЦАХАЛ-дың хабарламасында әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі қазір қауіптерді анықтап, оларды жойып жатқаны айтылды.
Иран әскери басшылығы Израильге бұдан да ауқымды соққылар жасалатынын ескертті.
"Бұл операция бір реттік емес, бір аптаға созылатын үздіксіз соққылардың бастамасы", – делінген Ислам революциясын қорғау корпусының мәлімдемесінде.
Сондай-ақ олар алдағы жеті күн бойы тәулік бойы зымырандар мен дрондар толқынмен ұшырылады, жау тежеліп, өз қылмыстарын тоқтатқанға дейін жалғасатынын хабарлады. Иран аумағына жасалған кез келген соққы күтпеген, жойқын әрі басым жауаппен қайтарылады деп ескертті Ислам революциясын қорғау корпусы.
“Израиль Бейрутке соққы жасап, "барлық шекарадан өтті", – деп Иран билігі мәлімдеді.
Жексенбі күні Израиль Ливан астанасының оңтүстік шетінде орналасқан "Хезболла" нысандарына соққы жасағанын хабарлады.
Иранның зымыран шабуылына жауап ретінде Израиль армиясы Бас штабының басшысы "бұйрық берілген сәтте жауға шешуші соққы жасайтынын" айтты. Әскери өкіл Иранның "ауыр қателік” жібергенін айтты.
Трамптың жауабы
АҚШ президенті Дональд Трамп Axios басылымына берген сұхбатында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудан Иранға қарсы жауап соққыларын жасамауды сұрайтынын, себебі бұл Тегеранмен болуы мүмкін келісімді бұзуы мүмкін екенін айтқан.
Кейін ол Financial Times басылымына телефон арқылы берген сұхбатында Нетаньяхудың АҚШ пен Иран арасындағы кез келген келісімді қабылдаудан басқа амалы болмайтынын мәлімдеді.
"Оның басқа таңдауы болмайды. Шешімді мен қабылдаймын. Барлық шешімді мен қабылдаймын. Нетаньяху шешім қабылдамайды", – деді Трамп.
Трамптың пікірінше, Иранның соңғы соққылары келіссөздерге "еш әсер етпеген".
“Жетер! Келіссөз үстеліне қайта оралыңыздар”, – деген Трамп Иранға да үндеу жасап.
ОқыңызСонымен қатар, басылымның мәліметінше, АҚШ президенті Израильдің Бейрутке жасаған соққыларына да көңілі толмағанын айтқан.
Еске салайық, Израиль мен Ливан атысты тоқтату туралы келісімге келді. Құжатта екі ел өкілдерінің үшжақты кездесуі 2 және 3 маусым күндері өткені айтылды. Сондай-ақ мәлімдемеде атысты тоқтату шарты ретінде “Хезболла” ұйымының толық түрде атысты тоқтатуы және оңтүстік Ливан аумағынан барлық қарулы мүшелерін шығару талап етілетіні көрсетілген.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек