AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 жасар қыз педофил қолынан қаза тапқаннан кейін Жаркент өңіріне арнайы жасақ кіргізілді

Жетісу облысында 15 жастағы қыз педофилдің қолынан қаза тапқаннан кейін Шолақай ауылына құқық қорғау органдарының арнайы жасақтары жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап.

жаркент 2022

“Күдіктіге қатысты тұрғындар арасында толқулар туындауының алдын алу үшін Жетісу өңірінің арнайы жасақтары әкелінді. Олардың үйін де, ауылдың кіреберістерін де полиция күзетіп тұр”, - делінген ақпаратта.

Еске салайық, 15 жастағы мектеп оқушысы Құралай Қисабекова 21 шілде күні кешке із-түзсіз жоғалып кетіп, кейін өлі денесі табылғаннан кейін тараған ақпарат халық наразылығын туғызған.

Шолақай ауылының 15 жасар оқушысы Құралай Қисабекова шілденің 21-і күні кешкісін жоғалып кеткен. Құрбысына кеткен қыз қайта оралмаған.

Жетісу өңірінің полицейлері із-түзсіз жоғалған қызды келесі күні іздеуге кірісіп, оларға ауыл тұрғындары да қосылған.



Соңғы сәтке дейін қыздың табылатынына үлкен үміт болған. Алайда бұған дейін қыз зорлағаны үшін екі рет сотталған 38 жастағы Рустам Ахметов өз кінәсін мойындады. Күдікті де Шолақай ауылының тұрғыны.

Бұлтартпас айғақтардың күшімен ер адам жәбірленушіні зорлағанын, кейін қылмыстың ізін жасыру үшін бірнеше рет пышақ жарақатын салып, оның өлгеніне көзі жеткен соң денесін өртеп жібергенін айтты.

Қылмыскер қызды көмген жерді де көрсеткен. Жәбірленушінің денесін ауылдың шетіне апарып көмген. Қыздың денесі шығарылып, сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеуді облыстық полиция департаментінің тергеушілері жүргізіп жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр