AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Иесіз ғимаратқа апарып, ұятсыз іс жасауға мәжбүрледі": Қызылордада 1-сынып оқушысы бір жыл бойы зорланып келген

Қызылордалық отбасы НеМолчиKZ қорына өздерінің 1-сынып оқитын ұлдарын бір жыл бойы 12-14 жастағы жасөспірімдер зорлап келгенін айтып, шағымданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қор жетекшісі Дина Таңсәрі жаға ұстатарлық оқиға туралы ең алғаш баланың анасы білгенін айтты. Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазды. 

Анасы үлкен ұлының (жәбірленуші, 8 жаста) інісін (кішісі 6 жаста) жыныстық әрекеттерге мәжбүрлегенін естіп қалған. Ол бірден бұл туралы қайдан білгенін, оны кім үйреткенін сұраған. Бала жылап, бәрін айтып берген. Бәрі биыл 6 мамырда белгілі болған.

“Ұлым үйден ойнауға шыққанда, оны орта мектеп оқушылары бос тұрған иесіз ғимаратқа апарып, ұятсыз әрекеттер жасауға мәжбүр еткен. Бұл басқа мектептердің балалары екен. Балам бәрінің аты-жөнін және қайда тұратынын біледі", – деген баланың анасы Таңсәріге. 

Оқушының ата-анасы бірден күдікті балалардың ата-аналарына барған. Бір жасөспірім барлық ата-ананың көзінше бірден мойындаған. Бұдан кейін баланың ата-анасы полицияға арыз түсірген. Алайда балалар кәмелеттік жасқа толмауына байланысты  жазаланбайтындықтан, іс бір тәуліктің ішінде жабылып қалған. Тек ата-аналарына айыппұл салумен шектеліпті. Осыдан кейін зардап шеккен баланың ата-анасы барлық жерге барған. Алайда, анасының айтуынша, барлығы күдіктілердің жағына тартып, істі жабуға тырысқан. 

“Біз қоғам белсенділері ретінде Қазақстан Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлына үндеу тастаймыз! Қала әкімінен бастап, білім департаментінің бастығын, анасының арызында көрсетілген үш мектеп директорын, Қызылорда қаласының тергеу департаментінің бастығын, ӨКМ бастығын, тергеушіні, барлық жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тартуды талап етеміз! Мұндай қылмыстарды жасыра отырып, біз қылмыскерлерді өсіреміз! Қоғамды ластаймыз, деградация мен қылмыстарды көбейтеміз!”, – деп мәлімдеді Дина Таңсәрі. 

Қызылорда облысының полициясы оқиғаның болғанын растады.

“ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігі "кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді дұрыс  орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде”,  – дейді департаменттен. 

Қылмыстық іс полиция департамент басшылығының бақылауында көрінеді.

“ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпараттар жарияланбайды”, – делінген хабарламада. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр