Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Күдікті бұрын сотталған”: Жетісу облысында жасөспірім қызды зорлап, кейін денесін өртеп жіберген азамат ұсталды

Жетісу облысының Панфилов ауданында тоғыз күн бұрын жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды. Қылмыскер қызды алдымен зорлап, кейін қылмыстың ізін жасыру үшін бірнеше рет пышақ жарақатын салып, денесін өртеп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап.

Куралай Кисабекова

Дереккөз Время басылымы

Шолақай ауылының 15 жасар оқушысы Құралай Қисабекова шілденің 21-і күні кешкісін жоғалып кеткен. Құрбысына кеткен қыз қайта оралмаған.

Жетісу өңірінің полицейлері із-түзсіз жоғалған қызды келесі күні іздеуге кірісіп, оларға ауыл тұрғындары да қосылған.

Соңғы сәтке дейін қыздың табылатынына үлкен үміт болған.

Бірақ бұған дейін қыз зорлағаны үшін екі рет сотталған 38 жастағы Рустам Ахметов өз кінәсін мойындады. Күдікті де Шолақай ауылының тұрғыны.

“5-6 жыл бұрын кәмелетке толмаған қызды зорлады, мерзімін соңына дейін өтемей жатып бостандыққа шықты, сосын бір қызды зорлап, жазадан құтылу үшін оған үйленді. Енді бұл оңбағанның арам қолы біздің қызымызға да жетті. Біз қызымызды іздеп жүргенде бұл қанішер ештеңе болмағандай Жаркентті аралап, таксилетіп жүрген. Қызымызды тірі табамыз деп ақырына дейін үміттендік, бірақ тек өлі денесін таптық”, – деп жылайды марқұм қыздың әпкесі Кәмшат Көпбаева.

Күдікті жедел-іздестіру шараларымен анықталды. Жедел уәкілдер Құралайдың телефонынан алған қоңырауларының қағазын көрсетпегенде, ол ешқашан өз ісін мойындамас еді.



Бұлтартпас айғақтардың күшімен ер адам жәбірленушіні зорлағанын, кейін қылмыстың ізін жасыру үшін бірнеше рет пышақ жарақатын салып, оның өлгеніне көзі жеткен соң денесін өртеп жібергенін айтты.

Қылмыскер қызды көмген жерді де көрсеткен.

Жәбірленушінің денесін ауылдың шетіне апарып көмген.

Қыздың денесі шығарылып, сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-баптың 2-бөлігі [дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды өлтіру], 10-бөлігі [басқа қылмысты жасыру үшін], 14 бөлігі [кәмелетке толмаған адамды зорлау], он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы және120-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша [кәмелетке толмаған адамды зорлау] 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеуді облыстық полиция департаментінің тергеушілері жүргізіп жатыр.

Құралайдың анасы мен оның жақын туыстары, әсіресе әйелдерге имамдар қыздың денесін көрсетпеді. Оның денесі адам танымастай зәбір көрген.

“Байғұс қызым, не деген мұң, бетіңді де сүйе алмаймын. Оны анаңа көрсеткім келмейді. Анаңның жүрегі шыдамайды”, - деп күйінеді марқұм қыздың әкесі Ербол Қисабеков.

Әкесі қылмыскерді заң бойынша ең қатал жазаға тартуды талап ететінін жеткізді.

Қыздың денесі 30 шілде күні жер қойнына тапсырылды.

Еске салайық, бұған дейін Жаркентте бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған 15 жастағы қыздың мәйіті табылғаны жазылған еді.

Талқылау