Петропавлда жазасын өтеп жүрген қылмыскер 8 жастағы қызды зорлады
13 шілдеде Петропавлдағы Подгора шағын ауданында қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген қылмыскер 8 жастағы қызды зорлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

27 жастағы Айыртау ауданының тұрғыны ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған. 2021 желтоқсанынан бастап ол Петропавлдан 30 минуттық жердегі Ольшанка ауылына қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстырылған.
Қазір ол Петропавл полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.
"Келген соң әр түрлі жұмыс атқаратын адам ретінде жұмысқа қабылданған. Қазір Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 4-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды зорлау" бойынша тергеу басталды. Облыс прокуратурасы құзырлы органдардың лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне тиісті баға береді", – деп түсіндірді СҚО прокуратурасының өкілдері.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?