AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаркентте бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған 15 жастағы қыздың мәйіті табылды

Жетісу облысында полиция кәмелетке толмаған баланы зорлап, өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

мәйіт

21 шілде күні Панфилов ауданында 15 жастағы оқушы қыз жоғалып кеткен. Жасөспірімнің туыстары полицияға тиісті арыз жазғанымен, алғашқы іздестіру шаралары нәтиже бермеген. Әлеуметтік желіде жоғалған қыздың суреті мен басқа да ақпарат жарияланды.

Бүгін тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған қыздың мәйітті тауып, оны өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын хабарлады.



"Жедел уәкілдер іске күдікті жергілікті тұрғынды анықтады. Ол қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, жасаған әрекетінен қорққан соң қызды өлтіргенін мойындады. Күдіктінің айғақтарын тексеру және нақтылау барысында елді мекеннің маңында жерленген жәбірленушінің мәйіті шығарылып, сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Басқармада аталған факті бойынша тергеу 99-баптың 2-бөлігінің 3-тармағы (дәрменсіз күйде екені белгілі бола тұра өлтіру), 10-тармақ (басқа қылмысты жасыру мақсатында) және санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазаны көздейтін Қылмыстық кодекстің 14-тармағы (көрінеу кәмелетке толмаған адамды өлтіру), 120-бап бойынша жүргізіледі. Санкциясы 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін Қылмыстық кодекстің 3-1-тармағы (кәмелетке толмаған адамды зорлау).


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр