Алматы облысында таэквондо бапкері 14 жастағы оқушыны зорлап, тағы екеуіне қорлық көрсеткен
Алматы облысында 14 жастағы оқушыны зорлап, тағы екеуін қорлаған таэквондо бапкері Диас Шалғымбаев сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы желідегі парақшасында “Немолчи” қорының жетекішісі Дина Таңсәрі мәлім етті.
Үш баланың әкесі таэквондоға қатысқан қыздардың біреуін зорлап, қалған екеуіне қорлық көрсеткен. Ол сот шешімі бойынша жеті жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.
“Қыздарға қорлық көрсеткен бапкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үш ата-ана арыз бергеніне қарамастан, жалғыз оқушымен жыныстық қатынасқа түскен деген шешім шығарылды. Осы уақыт бойы ол бостандықта болды. Сот үкімі шыққан күні сот залында қолына кісен салынды. Үкімге наразы бапкер әлі де аппеляцияға бермек”, – деп жазды Дина Таңсәрі.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ