+25°С шамасында жылы болады: Қазан айына арналған ауа райы болжамын жарияланды
Қазгидромет 2026 жылдың қазан айы Қазақстанда жылы, жауын-шашын мөлшері орташа болады деп болжады. Бір айдағы орташа ауа температурасы елдің басым бөлігінде нормадан 1-2°С жоғары болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қазан айының басында Қазақстанда ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады. Ел бойынша ауа температурасы +15…+25°С шамасында күтіледі. Кейін солтүстік циклонның әсерінен республиканың барлық өңірінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады. Жел күшейіп, екпіні секундына 15–28 метрге дейін жетуі мүмкін. Елдің солтүстік жартысында қарлы боран болуы ықтимал.
Қазан айының басында күн суытады
Арктикалық ауа массаларының енуіне байланысты тұман, көктайғақ және үсік жүруі мүмкін. Ауа температурасы айтарлықтай төмендегенімен, күннің суытуы ұзаққа созылмайды.
-
Батыс және солтүстік-батыста түнде ауа температурасы -6…+5°С, күндіз +2…+11°С болады.
-
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде -1…-6°С, күндіз 0…+8°С шамасында болады.
-
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 0…+5°С, күндіз +10…+15°С күтіледі. Таулы аймақтарда түнде -2…-10°С, күндіз +5…+10°С болады.
Қазанның алғашқы онкүндігінің екінші жартысында күн жылынады
Қазанның алғашқы онкүндігінің екінші жартысында Орта Азия мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массалары келеді деп болжанып отыр. Қазақстанның басым бөлігінде күндіз ауа температурасы +15…+20°С-қа дейін көтеріледі. Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік жартысында ауа +18…+28°С-қа дейін жылынуы мүмкін.
Қазанның екінші және үшінші онкүндігінде ауа райы қандай болады?
Қазанның екінші және үшінші онкүндіктерінде ауа температурасы құбылып тұрады.
Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде түнгі температура +5…+12°С-тан -5…+5°С-қа дейін, күндіз +18…+28°С-тан +10…+20°С-қа дейін өзгеруі мүмкін.
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде +3…+8°С-тан -1…-8°С-қа дейін, күндіз +15…+23°С-тан +3…+13°С-қа дейін төмендеуі ықтимал.
Қазақстанның оңтүстік жартысында түнгі ауа температурасы +5…+10°С-тан -3…+5°С-қа дейін, күндіз +15…+23°С-тан +20…+30°С-қа дейін құбылады. Кей кезеңдерде түнде -1…-6°С, күндіз +10…+15°С болуы мүмкін.
Жәрдемақы алу тәртібі қаралады, депозит мөлшерлемесі өседі: Қазақстанда 1 қазаннан бастап не өзгереді
