1 миллионнан астам қазақстандық несие алушы "қара тізімнен" шығарылды
1 миллионнан астам қазақстандықтың несиелік тарихы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Қарызға батқан халық "қара тізімнен" шығарылды. Енді олар қайта несие рәсімдей алады.
Бірінші несие бюросының мәліметінше, банктен қарыз алып, уақытында төлей алмаған 600 мың адамға "оңалтылды" деген бұл статус берілмепті. Өйткені, шарт бойынша, борышкер ең әуелі кредитін толық жабуы тиіс. Содан кейін 12 ай бойы өзге де проблемалы несиесі болмауы қажет.
"Оңалтылды" деген мәртебенің бар-жоғын азаматтар egov.kz порталынан, не болмаса бірінші кредиттік бюроның сайтынан білсе болады. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталығы мен Қазпоштаның бөлімшелерінен де анықтай алады.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын