Нұр-Сұлтанда балабақша тәрбиешісі әріптесінің атына бірнеше рет онлайн несие рәсімдеген
Елордадағы балабақшада тәрбиеші болып істейтін 26 жастағы қыз өз әріптесінің атына микрокредиттік ұйымдардан 4 рет қарыз ресімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ақшаны алу үшін, қыз өз картасының бұғатталғанын айтып, жәбірленушіден ақша аудару және қолма-қол ақшаны алу үшін мәліметтерін беруді сұраған.
Еш күдіктенбеген әріптесі несиеге берілген қолма-қол ақшаны картадан алып, алаяққа береді.
Тергеу барысында күдіктінің қылмысты алдын ала жоспарлағаны анықталды. Ол әйелдің ұялы телефонынан жеке куәлік пен банктік шоттардың фотосуреттерін алған. Кейін басқа біреудің деректерін пайдаланып, онлайн-кредиттер рәсімдеген.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, қыз бұрын осындай қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
Ұлттық банк шешімінен кейін банктер жаңа депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін
Ақша-кредит саясаты мен базалық мөлшерлеменің экономикаға әсері белгілі бір уақыт өткеннен кейін байқалады.