"Араласпаймыз": Балжан Бидаш бұрынғы енесі туралы айтты
Ел талқысына өнері мен өмірі жиі түсетін Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің анасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “1001 түн” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/?hl=ru
Өнер иесі Қытайдан ән жаздырып, елге оралды.
“Руслан деген менеджерімнің ұсынысы болды. Продюсерім деп айтпаймын, ол кісі – Айридың продюсері. Біз бірге жұмыс істеп жатырмыз. Сол кісінің Қытайда таныстары бар екен. “Шетелдік студияларда ән жаздырып көрейік” деді. Менің шығармашылығыма тәжірибе болды. Өте қымбат тұратын студияда ән жаздырдық. Қазір өзіме-өзім продюсер болып жүрмін. Мен еркіндікті жақсы көремін, ал продюсермен жұмыс істегенде оған бейімделуің керек. Арманым – өзімнің авторлық әнімді шығару. Одан кейін үлкен стадионда ән айту. Қазір осы армандарымның жолында еңбек етіп жатырмын”, – дейді әнші.
Сондай-ақ, эстрада жұлдызы тұрмыста болған жылдарында өнерден қол үзіп қалғанын жасырмады.
“3-4 жыл ән айтпадым. Жаным сахнаны қалайды. Өйткені менің ата-анам – музыкант. Өнерлі отбасында өстім. Көзімді ашып, есімді білгелі музыканың ортасындамын. Бұл Құдайдың берген сыйы деп білемін. Тұрмыс құрғаннан кейін кішкене үзіліс болды. Әншілер де спортшылар секілді жиі жаттығып тұруы керек. Егер ән айтпасаң, дауысың жабылып қалады. Үйде де ән айтпайтынмын. Мен өзі сондай адаммын. Халықтың алдында, стадионда ән айтқанды жақсы көремін", – дейді өнер иесі.
Шығармашылығындағы жаңалықтарын бөліскеннен кейін, жеке өміріне де тоқталды. Айтуынша, күйзелістен енді шығып келе жатқан көрінеді.
“Іштей өзіммен сырластым. Мен әкеме жақынмын. Анаммен сөйлесемін, бірақ қатты сырласпаймыз. Мен әкемнің қызымын ғой. Шынайы қолдау білдіретін құрбыларым бар. Біздің жағдайда мен ешкімді жамандап, жағдайды айтпадым. Қайтадан өшіріп тастайтын жазба жарияламадым. Барынша сабырмен шешуге тырыстым. Шынымды айтсам, оған қатысты ештеңе жазғым келмейді. Сыртынан ештеңе жасағым келмейді. Менің өмірімде маңызды адам болса, оған желіде жазып не істеймін?! Мүмкіндік бар кезде ол әңгімені кездесіп немесе телефонмен айта аламын. Менің ойымша, сыртынан түрткілеп, әр нәрсені жазу дұрыс емес деп ойлаймын. Жеке өмірді мүмкіндігінше қозғағым келмейді. Өйткені ол қазір менің жанымда отырған жоқ. Ешкімді жамандамаймын. Келін болған әулетіммен араласпаймын. Енем өте жақсы адам болды, бірақ араласып, хабарласпаймыз. Ол кісіден көп нәрсе үйрендім деп айта алмаймын. Өйткені біз бөлек тұрдық", –дейді әнші.
Еске салайық, өнер иесі экс-жұбайының жазғандарын жіберетін оқырмандарына ренжіген еді.