Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әр адамның иманы жүрегінде болсын!": Балжан Бидаш экс-күйеуі Жахан Отарғалиевке жауап берді

Желіде жеке өмірі жиі талқыға түсетін Балжан Бидаш оқырмандарына ренішін жеткізді. Сонымен қатар экс-жұбайының жазғанына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Танымал әзілкеш Жахан Отарғалиев өзіне жар іздеп жүргенін жасырмай жариялап жүр. 

“Жер сілкінісінен кейін маған қандай әйел керек екенін түсіндім. Жүрегінде иманы бар жар керек. Маған әрқашан Алланы еске түсіретін, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаянын айтып отыратын, үйден Құран үні үзілмейтін, истиғфар мен салауат айтып жарысатын, жәннатқа бірге кіретін жар іздеймін”, – деп жазды әзілкеш. 

 


Осы жазбадан кейін Балжан Бидаш оқырмандарына ренішін жеткізді. 

“Неге маған оның айтқаны мен жазғанын жібере бересіздер? Бір-бірімізді бұғаттап тастағанбыз. Дәл осылай болғаны екеумізге де жақсы. Өтініш сіздерден, ол не салып жатыр, не істеп жатыр, не айтып жатыр, маған жібермей-ақ қойыңыздар! Әр адамның иманы жүрегінде болсын. Бір оқырманым: “Сендерге жер сілкінісі де әсер етпеді ме?” деп жазыпты. Біздің өмірімізге оның қандай қатысы бар?”, – деп күлді әнші. 

Еске салайық, Балжан Бидаш Қытайға не үшін қоныс аударғанын айтқан едік. 

  Фото: Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаштың stories-і. 

Талқылау