Жүк көлігінің жүргізушісі видеодан скриншот жасаймын деп алты адамның өмірін қиды

Жапонияда 54 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі жолда келе жатып ас әзірлеу видеосын көріп отырып, ірі жол апатына себепкер болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mothership-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Апат 20 наурызға қараған түні болған. Фукусима қаласынан шыққан жүк көлігін басқарған 54 жастағы Мицуэ Мидзутани кептелісте тұрған көліктердің соңына соғылған. Салдарынан ауыр жүк көлігі қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікті қатты соққан. Оның ішінде бес адамнан тұратын отбасы болған. Сонымен қатар жүк көлігі бірнеше көлікке зақым келтірген.
Апаттан кейін өрт шығып, жеңіл көліктегі отбасы мүшелері мен тағы бір көлік жүргізушісі қаза тапты.
Мидзутани өз кінәсін мойындады. Ол жылдамдықты асырмағанын, алайда жолды бақыламай қалғанын айтып өкінген. Тергеу барысында жүргізушінің алдымен әріптесімен телефон арқылы сөйлескені, кейін телефонынан ас әзірлеу видеосын көргені анықталды.
Видеодан скриншот жасау үшін ол 13 секунд бойы жолға мүлде қарамаған. Дәл сол сәтте қайғылы апат болған.
Мидзутаниге қатысты соңғы үкім әлі шыққан жоқ. Оған қандай жаза тағайындалатыны әзірге белгісіз.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Оқыңыз