"Жұмыс істегеніне 4 ай ғана болған": Алматыда жол апатынан қаза болған фельдшердің кім екені белгілі болды

Фото: 103.almaty
Алматының Денсаулық сақтау басқармасы қызметін орындау кезінде жол апатынан 23 жастағы Жаңабаева Насиба Мұхтарқызы есімді фельдшер қаза тапқанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, ол жедел жәрдемде тек 4 ай ғана жұмыс істеген. Бірақ жауапты әрі жанашыр маман ретінде өзін көрсете білген.
Ведомство оның қазасы қаланың медициналық қауымдастығы үшін үлкен қайғы екенін атап өтті.
Әріптестері мен басшылық туыстарына көңіл айтып, оның кәсібилігін, мейірімділігін және қызметке адалдығын есте сақтайтындарын жеткізді.
Насиба Мұхтарқызының соңында екі баласы қалды.
Еске салсақ, Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, 23 жастағы фельдшер қаза тапқан еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған