Жүрегімнің кіп-кішкентай бөлшегі: Әкесі Димаш Құдайбергенді туған күнімен ерекше құттықтады
Бүгін Димаш Құдайберген 27 жасқа толды. Қанат Айтбаев ұлы өмірге келгенде туған әнін жазып, ерекше құттықтады. Ұлына ұзақ ғұмыр мен бақ тіледі.
...Балапаным!
Ата-әжеңнің әлдиісің!
Алып ұшқан көңілімнің ән-күйісің!
Шат күлкіңмен өмірге адым баса ғой,
Бақытыңның шектелмесін мөлшері,
Жүрегімнің кіп-кішкентай бөлшегі!"
1994 жылы 24 мамырда туындаған "Сәби келді өмірге" атты әнімнің қайырмасы осылай жазылып еді... Содан бері 27 жыл зымырап өте шығыпты...
Ғұмыр жасың ұзақ, қуанышты, бақытты болғай, Ақ Диком! Бала кезіңнен өзің мақсат еткен барлық арман, тілектерің орындалсын! Сенің әрбір жеңісің біздің ең үлкен шаттығымыз! Шаттықты күндер көп болғай, алтыным!", - деп жазды әкесі.
- Қайрат Әділгерей: Димаштың әні Қазақстанда ешкімге керек емес
- Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшетінін мәлімдеді
"Көке, туған күніңмен. Аман бол! Біз әрқашан сенімен біргеміз, сенің жағыңдамыз! Жақсы көремін", - деп жазды Димаштың қарындасы Раушан Құдайбергенова.
Желідегі оқырманы мен өнер өкілдері әншіні төл мерекесімен құттықтап жатыр.
"Туған күніңмен, Димаш. Ұлыңыздың қуанышы, сіздердің де жетістіктеріңіз. Дендеріңіз сау, бақытты болыңыздар", - деп жазды Линда Нығматуллина.
"Туған күніңмен, Дималёк! Алар асуларың алда болсын", - деп жазды Майғазиев.
"Құтты болсын, Димаши, аман бол", деді Кенжебек.
"Аман жүр", деп жазды Жазира Байырбекова.
"Димаш баламыздың енді бүкіл әлемнің сүйікті Димашиы бола бастаған кезден естелік видео. Бұл кез біз үшін ең керемет сәттер еді. Парақшамнан Димаштың төбесі көрінсе, жан-жақтан жазылып жанкүйерлері ду ете қалатын. Әр жазған постым түрлі тілге аударылып, әлем шарлап кетіп жүрді сол кездерде. Бүгін де дәл солай бәріміз бірге Димаш баламды туған күнімен құттықтап қояйық. Жаңа жасыңда жаңа белестерді бағындыр! Індеттен еліміз, әлем тазарып, сенің керемет кештеріңде қайта қауышайық! Аман бол, балам!", деп жазды Айған Жолдасова.