Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшетінін мәлімдеді

Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің шығармашылығын қолдау үшін Америка Құрама Штаттарына көшетіні туралы хабарлады.

Әнші MTV USA арнасына берген сұхбатында Америкаға кететінін мәлімдеді.

"Мен Қытайда қанша жыл өмір сүргенім туралы және менің шығармашылықты қолдау үшін Америкаға көшуді жоспарлап жүргенім туралы және сіз көптеген қызықты нәрселер туралы толық нұсқада біле аласыз», - деп жазды Димаш желіде.

Кеан Кеннимен болған сұхбатында әнші не себепті Америкаға барғысы келетінін айтты.

«Мен өз шығармашылығымды жетілдіру үшін Америкада біраз уақыт өткізуді жоспарлап отырмын. Ол үшін шоу-бизнес әлемінің эпицентрінде болуым керек. Менде ондай тәжірибе болған: мен Қытайда өзімнің музыкамды дамыту үшін үш жарым жыл болдым. Менің сүйікті жерім - ол менің отбасым тұрып жатқан жер», - деді Димаш.



Әнші Қытай елін жақсы көретінін айтты.

«Маған Қытайдағы адамдар ұнады, олар ақжарқын, менің жанкүйерлерім өте қамқор. Менің Қытайдағы менеджерлерім - кәсіби мамандар», - деді ол.

Димаш Құдайберген 2017 жылы қытайлық танымал Singer телевизиялық шоуына қатысқаннан кейін әлемге әйгілі болды. Ол екінші орынға, одан кейін көптеген марапаттар мен сыйлықтарға ие болды.

Димаш қазақ тіліндегі бейнесі америкалық MTV-де пайда болған алғашқы қазақстандық әнші. Димаш сонымен қатар АҚШ-тың сайланған президентін ұлықтау мерекесін өткізу апталығын ашқан шараға қатысқан алғашқы қазақстандық әнші болды.

Талқылау