Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Әділгерей: Димаштың әні Қазақстанда ешкімге керек емес

Қазақстандық актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей Димаш Құдайберген жайлы ойын айтты. Қазақстанда әншінің әнін түсінетіндер аз деп баға берді ол. Бұған халықтың музыканы жете түсінбеуі себеп. 

Бұл туралы "Қасқа жол" бағдарламасында айтылды. 

Қайрат Әділгерей бір кездері Димашты сынағаны үшін әлі күнге сын астында қалып жүрген Бағым Мақсатқызы мен Димаш жайлы ойын айтты. Бұл ретте кәсібиліктің маңызы зор екенін ескертті. 

"Бір кездері Бағым Мақсатқызы Димашты сынға алды. Димаш танылғалы бері Мақсатқызына әлі күйе жағылып келеді. Бағым Қазақстандағы кәсіби музыкант. Ол әншілерді ән айтуға үйретеді. Ол кісінің сыны дұрыс айтылды. Әннің стилі жоқ деді. Ол кезде Димаш жас еді. Оны Бағым Мақсатқызы ғана емес, қазақ халқы да мойындаған жоқ. Ешкім әнін тыңдаған жоқ. Қазір танымалдығы артқалы бері бәрі Димашты сынағандарды сынайды. Димаш танымалдығы артпағанда Бағымның сөзін ешкім елемес те еді", - деді актер. 



Айтуынша, қазақстандықтардың музыкалық сауаты әлі де төмен. Сол себепті Димаштың әндерін көп тыңдамайды. 

"Қазақстанда Димаштың әндерін тыңдамайды. Себебі оған көбінің сауаты жетпейді. Қазіргі той әндері, жеңіл әндер халықтың құлағына сіңіп, әбден жеңілдетіп тастаған. Халық әлемдік деңгейдегі әндерді тыңдай бермейді. Егер телеарна, радиодан симфониялық кәсіби әндер берілсе, басқаша болар еді", - деді Әділгерей. 

Бұған дейін Ресей әртістері Димашты сынға алған қазақстандық музыканттардың өзін сынға алған еді. Бұл оқиғи желіде қызу талқыға түсті. 

Бағдарламадан соң қазақстандық журналист Димашты  қазақстандық өнер өкілдерін жаманатты қылды деп сын айтты. Желі қолданушыларының бірі Димашты қолдаса, бірі журналисті жақтады. 

Талқылау