Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғалып табылған Қызылорда аруы басынан өткен жайтты баяндады

"Қызылорда аруы - 2017" Гүлнұр Нұртаза өзі үшін алаңдаған көпшілікке алғысын білдірді.  Қызылорда аруы өзінің жол апатынан аман қалғанын айтты. 

Бұған дейін Гұлнұр Нұртазаның жоғалып кеткені хабарланып, іздеу жарияланған еді. Қызылорда аруы жағдайды өзі баяндап берді. 

"Баршаңызға сәлем, белгілі болған жағдайлармен енді өзіме келіп жатырмын. Алаңдатайын деген ойым болмады. Әр пабликтерде мен туралы неше түрлі посстар шығыпты, біреулері Таразда. Таразға кетті деседі. Ал негізінде, жағдайдың бәрі басқаша. Мен Тараз қаласына барған емеспін. Кімге сенерімізді өзіміз білмейміз. Сіздердей менің жанашыр әпке ана-іні ағаларым барына қуанамын. Дұға тілектеріңізге Рахмет", - деп жазды Гүлнұр Нұртаа желідегі парақшада.



Гүлнұр Нұртаза Instagram-ның Stories бөлімінде жол апатынан түскенін мәлімдеді. Көпшілік амандығын тілеп, қуанысып жатыр. Енді бірі хайп екенін айтып сенбестік танытты. 

"Елдер осылай оқырман жинайды", "Жігітпен кездесіп кеткен шығар, біз ел болып уайымдап жүрсек", "Бастысы табылғанына, аман екеніне көз жетті, басқасы маңызды емес", "Артық сөз айтпайық, жол апаты деген жақсы емес", "Жол апатына түскені рас шығар" - деп жазды олар. 

Еске салсақ, әлеуметтік желілерде "Қазақстан аруы – 2019" байқауының финалисті Гүлнұр Нұртазинаның жоғалғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейіннен Алматыда іздеу жарияланған "Қазақстан аруы-2019" байқауының финалисі Тараз қаласынан табылды деген ақпарат жарияланды. 

Талқылау