Соңғы жаңалықтар

"Жындармен төбелесіп, мен жеңіп шықтым": Ақтөбелік әженің әңгімесі жұртты шошытты

Ақтөбе қаласының тұрғыны Гүлжихан қария жындар мен періштелерді көріп, олармен тікелей тілдесе алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасының "Пендеміз ғой" бағдарламасына сілтеме жасап. 

aktobelik_aje

"Біз өмір сүріп жатқан әлем – күнәһарларды айдайтын әлем. Алла тағала мен адам байланысқа түскісі келген кезде екі ортада малғұн кедергі болады. Мен намазға жығылған кезде менімен малғұндар алысты. Олар орыс мұжықтардың кейпінде келді. Төбелесіп, мен жеңіп кеттім. Менің рухым төбелесті деуге болады. Сол кезде мұсылман жындар араша түсті. Мұсылман жындар топтасып жүретінін білгендіктен, оларды бірден таныдым", - дейді ол. 

Қария жайсыз жатып қалған кезде періштелердің қыздары мен немерелерінің рухына кіріп, атын айтып шақыратынын айтады. Сондай-ақ, ол періштенің оң жақта, адамның алдында жүретініне сенімді. Ал жүректің бұрышындағы періштелер тұтастай Құран оқиды. 

"Мен намаз оқыған кезде жүректің бұрышындағы періштем маған Құран аяттарын түнімен оқып шықты. Ол мені намазға шақырды. Жарты жолда намазды тастауға болмайтынын айтты. Періштелер күнбе-күн мұсылман адам не айтады, соны айта береді. Кішкентай немерем жаңадан босанып келгенде оның рухына секунд сайын енген болатын. Әуелі баланың мимикасын, жылағанын, пысылдағанын періште жасайды. Бала соны қайталап дыбыстайды. Әл-Фараби бабамыздың айтуынша, данышпандық дегеніміз –жаңалық ашу. Мен жаңалық аштым деп ойламаймын. Бірақ өзімнің басымдағы жағдайдың халыққа үлгі болғанын қалаймын. Қазақта "Біреу білмегенді біреу біледі" деген сөз бар. Біреуге пайдасы тиіп, себеп болып қалар деп ойлаймын", - дейді Гүлжихан қария. 

Қария әлемнің шындығына жеттім деген пікірде. Тіпті, жындардың әртүрлі формасының болатынын ескертеді. Ал имамдар жын мен перілерді көретін адамдардың денсаулығында қандай да бір кінәрат барын айтады. 

"Бізде жат ағым деген нәрсе бар. Ол арабтар келе бастаған уақыттан бері қарай тараған. Алайда Қарахандар тұсынан бастап қазақ халқының діні ислам болды. Жалпы дені сау адамдарға жындар көрінбейді. Өйткені олар өте сүйкімсіз болады. Бірде "дем салу" деген нәрсе бар. Адамның көзіне өзге нәрселер көрінсе, мазасы қаша бастайды. Тіпті, кейбір азаматтар есін жоғалтып, есі ауысып қалады. Сол кезде Құран кәрімді оқыса, әртүрлі жайт есінен кетіп, ол жазылады", - деді имам Дінмұхаммед Сманов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр