Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігіттің соңғы тілегі орындалып, 2 күннен кейін қайтыс болды

Ұлыбританияда 27 жастағы Тристан Ходимэйкер саркоманың агрессивті формасымен ауырды.  Оның өмірі мен  қайғылы махаббат оқиғасы туралы The Sun жазды.

Алғашқыда ол тұмаумен ауырды. Жігіт өзін 3 апта нашар сезініп, қайтыс болды.

Дәрігерлер Тристанның өмірі аз қалғандығын айтып, оған соңғы сұрақ қойды. Қалған өміріңде не нәрсені жасап үлгергің келеді деген сұраққа, жігіт өзінің сүйген қызы Ребеккаға үйленгісі келетінін айтты.

Олар 5 жыл бойы кездесіп жүрген. Бірақ, үйленуді үнемі кейінге шегеріп келген.

Жігіт қалауын айтқаннан кейін, олар 8 желтоқсанда некелерін қидырды. 2 күннен кейін Тристан қайтыс болды .

“Мен қатты жыладым. Қалай болғанын елестете де алмайсыздар. Тристанды  мүгедектер арбасына сүйреп алып келді. Біз бірге жақындарымыздаң қасына бардық. Бұл өте керемет сезім болды”, – деп тойлары туралы айтты Ребекка.

Тристан мал дәрігері мамандығында оқыды. Ол болашақта жануарлар емханасын ашамын деп армандады. Жігіт қайтыс болғанға дейін 6 ай бұрын жұмыс тауып, Ребекка екеуі баспана іздеген.

Енді Ребекка күйеуінің жоспарларын іске асырғысы келдеі.

Тағы оқыңыз:

Америкалық қыз калькулятормен ажырасып, тетриспен тұрмыс құрғалы жатыр

Шешенстанда полицейді өлтірді деп күдіктелген ер адамның денесі жұрт алдына лақтырылды (видео)

Қазақстандық танымал шаңғышы тікелей эфирде шетелдік журналисті балағаттап жіберді (видео)

Атышулы 91 тобы Оңтүстік Корея астанасында өнер көрсетті (видео)

Талқылау