"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаевтың ұлы көз жұмды
Танымал әнші, "Жігіттер квартетінің" солисті Ердос Қанаевтың ұлы 9 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Сәкен Майғазиев өзінің Instagram парақшасында жариялап, өнердегі әріптесіне көңіл айтты.
Әншінің баласының жерлеу рәсімі Тұздыбастау ауылы, Орынтай ықшам ауданында сағат 14:00-де өтеді екен.
"Иманы берік алтын бауырым, Ердостай, тұла бойы тұңғыштарыңды Алла тағала мейіріміне бөлегей. Әбдурахим баламыз келін екеуіңе қияметте шапағатшы болсын", - деп жазыпты әнші.
Бұған дейін Ердос Қанаев алғаш рет 9 жыл жасырған ұлына қатысты құпиясымен бөліскені айтылған еді. Әнші ұлының ауыр диагнозбен туылып, екі ай вакуумде жатқанын жеткізген.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"