Жыбырлап жатты: Дәрігер баланың мұрнынан тірі балықты алып шықты
Үндістанның оңтүстігінде дәрігер 13 жастағы жеткіншектің мұрнынан тірі балықты алып шықты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Live Leak басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
10 қарашада жеткіншек үйінің маңындағы өзенге түскен. Осы кезде мұрнына балық кіріп кетіпті.
Артынша жеткіншектің ата-анасы оны ауруханаға алып барған. Жеткіншек мұрнының қатты ауыратынын айтып шығамданыпты. Дәрігерлер оны тексергеннен кейін, мұрнында балық бар екенін анықтады. Ол әлі тірі болып, жыбырлап жатқан.
Дәрігерлер пациенттің мұрнынан балықты қысқышпен алып шықты. Бұл процедураны жасау үшін 30 минут қажет болды. Дәрігер баланың мұрнынан балықты алып жатқанда, оның басын бірнеше адам ұстап тұрды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"