Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жезқазған қаласынан 145 шақырым жерге ғарышкерлер қонды

Жезқазған қаласынан 145 шақырым жерге ғарышкерлер қонды. Союз МС-06 ғарыш кемесінен бөлініп шыққан капсуламен түскен ғарышкерлер өздерін жақсы сезінген. Бұл туралы КТК хабарлады.

Кеме капитаны, Роскосмос ғарышкері Александр Мисуркин, НАСА асторонавттары Марк Ванде Хай мен Джозеф Акаба ғашырта 168 күн болып келді. Осы уақыт ішінде экипаж көптеген зерттеулер мен тәжірибелер жүргізген. Ал, 3-ші ақпанда Александр Мисуркин мен бортинженер Антон Шкаплеров ашық ғарыш кеңістігінде 8 сағат 12 минут жұмыс істеп, жаңа рекорд қойды. Бұл осыған дейінгі рекордтан 6 минутқа ұзақ. Экипаж мүшелері арқа даласына қонысымен, сәл тыныстап алып, елдеріне аттанып кетті.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада «Нұрлы жол» вокзалының еден жуушылары жұмыс істеуден бас тартты

Ақтөбелік шенеуніктер тасқыннан зардап шеккендерге ақша бөлуден бас тартты

“Евразия” арнасы бас директорының орынбасары “Қалаулым” бағдарламасына айтылған сындарға жауап берді

Құтқарудан бас тартты: Қостанайлық қыз пәтерге құбыр арқылы көтерілмек болған

 

Талқылау