Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құтқарудан бас тартты: Қостанайлық қыз пәтерге құбыр арқылы көтерілмек болған

Пәтерінің кілтін жоғалтып алған Қостанай қаласының тұрғыны құтқарушыларды күтпей үйіне газ құбыры арқылы көтерілген. Төтенше жағдай қызметкерлерін күтпеген қыз екінші қабаттан құлап кеткен.

Бұл туралы Қостанай жаңалықтары хабарлады деп, жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

20 жастағы Татьяна Лавренованың айтуынша, ол 25 ақпанда құрбысы Кристананың үйінде қонақта болған. Қыз сол күні құрбысы және оның мүгедек баласы үшеуі жақын маңдағы дүкенге шыққан екен. Қыздар үйге қайтар жолда пәтердің кілтін жоғалтып алғандарын байқаған. Оның үстіне кішкентай баланың дәрі қабылдайтын уақыты болып қалған соң, сәби мазасы қашқан.

Татьяна көршілерінің үйінен 112-ге хабарласып көмек сұраған. Құтқару қызметі оларға көмектесе алмайтынын айтып, жеке фирмаға жүгінуге кеңес берген.

Фирмадағылар қыздарға бұл қызмет 8-10 мың теңгеге дейін болады деген. Ал қыздарда мұндай ақша жоқ еді.

«Біз ақшамыз жоқ деп едік, олар онда байыңдар деп тұтқаны тастай салды»,-деп есіне алды Татьяна.

Шарасыз қалған қыз сол кезде газ құбыры арқылы екінші қабатқа көтерілмекші болып, құлап кеткен. Басқа әрекет қалмаған соң кіреберістің терезесінен балконға көтеріп, есікті ашқан.

«Барлық жерде ерлік көрсетті деп сонша мақтап жазатын төтенше жағдайлар қызметіне көңілім қалды. Олар бізді кез-келгеннің қалтасы көтере бермейтін фирмаға жіберіп көмек көрсете алмады»,-дейді жарақат алған Татьяна.

Бұл жағдайды естіген Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Талғат Кәкімов өз қызметкерлерінің немқұрайлығы үшін кешірім сұрады.

«Бізге осындай жағдайлар бойынша күніне оннан астам қоңыраулар түседі. Кейбір адамдар ішімдікке тойын алып хабарласып, жалған ақпарат береді. Ал біздің қызметкерлер қай жағына үлгереді. Құтқарушылардың көмегіне зәру болған жағдайларда, көптеген жалған ақпараттың кесірінен олар үлгермей қалады»,-деді Талғат Кәкімов.

Жіберіп алмаңыз:

Оралдық әйел төрт баласын тастап, басқаға тұрмысқа шығып кеткен

Тасқынға байланысты Тұздыбастаудағы жағдай ушығып барады

Жапон қызына үйленген қазақ жігіті: Әйелім туыстарымнан қарыз сұратпайды

Жаңа дерек: Қарағандыда бір тіс дәрігерінің кесірінен 2 бала қайтыс болған

Талқылау