"Жеңіс Ысқақова "хайп жаса" деді": Ерболат Ержанбаев өзінен 18 жас үлкен Шахизадамен қарым-қатынасы туралы құпияны айтты
ҚР еңбек сіңірген әртісі Шаһизадамен сахнаға шығып ән айтып, кейіннен “жұп” болып көзге түскен Ерболат Ержанбаев әншімен қазіргі қарым-қатынасын “Махаббатпен сырласу” бағдарламасында айтып берді.
Фото: ашық дереккөз
Өнер иелерінің жас айырмашылығы 18 жас екенін көпшілік жазып, сынап тастаған еді.
“Мен ақталмай-ақ қояйын. Менің "Қазақ қызы" деген әнім бар. Әрине, бәріне топырақ шашпаймын. Бірақ бір жылдары әлеуметтік желіде жалаңаштанып кеткен қыздар көбейіп кетті. Сол кезде Мақсат Ынтықбаев деген бауырымызға ән тапсырыс бердім. Сөзін жаздық, керемет шықты. 2022 жылдың ақпан айында болуы керек, Қытайдан келген кісілер концерт ұйымдастырды. Менен сол әнді айтып беруімді сұрады. Сол кезде әнші Жеңіс Ысқақова хабарласып, өнер көрсетуімді сұрады. Сол концертте Шахизада әпкеміз болды. Ол кісілерді көптен бері көрмей, сағынысып, құшақтасқанда суретке түскенбіз”, – деп әңгімесін бастады әнші.
-
"Ұсыныс жасады": Әнші Шахизада тұрмысқа шыққысы келмейтінін айтты
-
Жеңіс Ысқақова: "Бірінші күйеуім де, екінші күйеуім де бір адам"
Өнер иесінің айтуынша, 18 жас үлкен әпкесімен байланысу хайп үшін жасалған дүние көрінеді.
“Жеңіс әпкеміз "Ерболат, үш жылдай болды сахнаға шықпағаныңа, тойда да көрмейміз сені, неге шықпай жүрсің? Әпкең бойдақ қой, хайп жасай салсай" деді. Ондай нәрсе өмірімде істеп көрмегенмін, қалай болар екен дедім. Қасында мобилограф қыздар ұйымдамтырып, видеоға түсірді. Содан кейін әнші қыздың үйінде қонақта болдық. Сол кезде де видео түсіріп салды. Үйдегілерге осындай хайп жасайын деп жатыр, қалай болады екен дедім. "Жасай бер, ештеңесі жоқ" деді. Ертесіне өмірі хабарласпаған адамдар хабарласып кетті. Солай ойламаған жерден шығып кеткен нәрсе", – дейді әнші.
Айта кетейік, Ерболат Ержанбаев көпшілікке әйелін көрсеткен еді.