Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі: "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Арданды іздеу жалғасуда
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департаментінің басшысы Сергей Перов "Астана LRT" құрылысымен айналысқан мекеменің бұрынғы басшысына іздеу жалғасуда екенін алға тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Астана LRT-ға" қатысты іс сотта қаралуда, ол бойынша 7 айыпты тергеліп жатыр. Сонымен қатар Ардан және Сұлтанбековке қатысты іздеу жұмыстары жалғасуда. Алдын ала ақпарат бойынша олардың қайда болуы мүмкіндігі анықталды. Күдіктілер шетелде. Бүгінде құзырлы органдармен және халықаралық деңгейде бірлескен әріптестік жұмыстарын жүргізудеміз", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев "Астана LRT", "СҚ-Фармация" мекемелерінде орын алған жемқорлық істерге қатысты түсініктеме берген еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар