Шпекбаев "СҚ-Фармация" мен "Астана LRT" ісіне қатысты пікір білдірді
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев "Астана LRT", "СҚ-Фармация" мекемелерінде орын алған жемқорлық істерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Агенттік басшысы бірқатар жемқорлық істерге қатысты тергеу жұмыстарына тоқталып өтті.
"Астана LRT" құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша бірқатар лауазымды тұлғалар мен мердігер ұйымдардың басшылары сотқа жолданды. "СҚ-Фармация" басқармасының бұрынғы төрағасына қатысты тергеу аяқталды. БТА-Банктің ісі бойынша 12 млрд теңгеден астам залал өтелді. Тағы 6,4 млрд теңге "Азық-түлік корпорациясы" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасына қатысты қылмыстық іс аясында өтелді", - деді ол.
Бұған қоса, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департаментінің басшысы Сергей Перов "Астана LRT" құрылысымен айналысқан мекеменің бұрынғы басшысына іздеу жалғасуда екенін алға тартты.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған