Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Астанадағы ірі базардың өртеніп жатқан сәтінің видеосы пайда болды (видео)

Құтқарушылар Астананың ірі базарында шыққан өртті қалай ауыздықтағанын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Өрт сөндірушілердің Астанадағы «BIG Шанхай» базарында шыққан өртті қалай сөндіргені түсірілген видео желіде пайда болды. Видеожазбаны Астана бойынша ТЖ департаменті Фейсбук желісінде жариялаған.

«Өрт сөндірушілердің «BIG Шанхай» базарында шыққан өртті сөндірудегі жедел әрі жаттыққан жұмысы», – деп жазылған видеода.

Естеріңізге сала кетсек, 16 желтоқсанда Астанадағы ірі базарда өрт шықты. Өрт туралы хабар сағат түскі 13:30-да түскен. Анықталғандай, қойма ғимаратының шатыры мен құрылыс материалдары жанып кеткен екен. Өрт сағат 14:07-де ауыздықталды. Жалын шарпыған аумақ 120 шаршы метрді құрады. ТЖК ресми өкілінің ақпаратынша, өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынды сөндіруге 40 өрт сөндіруші мен 10 дана арнайы техника жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз:

«Алматы-Қостанай» бағытындағы пойыз 5 сағат бойы тоқтап тұр

Миллиардтарды үнемдеу: Стартаперлер электрді үнемдеудің тәсілін тапты

Құман Тастанбековпен қоштасу рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

Елбасы даңқты спортшы Тимур Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Талқылау