Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құман Тастанбековпен қоштасу рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы белгілі актер Құман Тастанбековпен қоштасу рәсімі қашан және қай жерде өтетінін мәлімдеді.

«Тастанбековпен қоштасу рәсімі 20 желтоқсан күні сағат 10:00-де Алматыдағы Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында өтеді. Актер аталған театрда 1986 жылдан бері қызмет етіп келген», – деп хабарлады басқармады.

Халық әртісі, белгілі актер Құман Тастанбеков Ақтауда 72 жасында өмірден озды. Актер Маңғыстау облысында туыстарының үйінде қонақта болыпты.

Жексенбі күні, 17 желтоқсанда, сағат 16:00 шамасында Құман Тастанбековтың мәйіті ұшақпен Ақтаудан Алматыға жөнелтілді.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен Маңғыстау тұрғындары қазақ елінің ұлы актерін шығарып салды.

Елбасы Қазақстанның халық әртісі, танымал актер Құман Тастанбековтің қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев Құман Тастанбеков туралы: Оның жарқын бейнесі халық жадында сақталады

Алматылықтар аты аңызға айналған қазақ футболшысымен қоштасты

 

Талқылау