Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы даңқты спортшы Тимур Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Қазақстан Президенті еліміздің даңқты спортшысы Тимур Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев танымал футболшы әрі спорт қайраткері Тимур Сегізбаевтың отбасына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

Жеделхатта Қазақстан футболын дамытуға және балалар мен жастар арасында спорттық өмір салтын насихаттау ісіне Т.Сегізбаевтың сіңірген еңбегі айрықша атап өтілген.

«Ол жаттықтырушы әрі Қазақстан футбол қауымдастығы басшыларының бірі ретінде елімізде спорттың осы түрінің дамуына елеулі үлес қосты», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Т.Сегізбаевтың есімі халық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев Құман Тастанбеков туралы: Оның жарқын бейнесі халық жадында сақталады

Алматылықтар аты аңызға айналған қазақ футболшысымен қоштасты

ОҚО-да «елес» ауылдың әкімі тұрғындарға дөрекілік танытқаны үшін қызметінен қуылды

Талқылау