Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әділ жолмен лайық адамға берілсін!" Экс-депутат "Құрмет" орденін алған Әли Оқаповқа шүйлікті

Бұрынғы мәжіліс депутаты, блогер Тәңірберген Бердіоңғаров мереке күні қарсаңында атақ алып, марапат иеленген кейбір жандарды "лайықсыз" деп атап, Instagram парақшасына пост жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық мереке күні қарсаңында еліміздің өнерін дамытуға үлес қосып жүрген біраз азаматтар түрлі марапат иеленген. 

"Достар, "Құрмет" орденін алған қатардағы орындаушы Әли Оқаповқа берілгеніне қарсымын және келіспейтінімді айтқым келеді. Рымбаева және оның отбасын төмендеткім келмейді, бірақ осы атақ тұрғысынан жауапсыз қалған сұрақ көп. Азаматтарға орден мен награда бермес бұрын, қоғам мен ел алдында атқарған ерен істері жіпке тізілуі керек. Бұл марапат елдің дамуына, ғылым мен білімге үлес қосқан жандарға берілсе құба-құп", – дейді экс-шенеунік.

Оның айтуынша, елімізде марапаттың көп болуынан аяқ алып жүру мүмкін емес. "Құрмет" орденінің атынан гөрі жарнамасы жер жарады. Бұл марапат елдің дамуына үлес қосу емес, қоғамдық жарнамаға ұқсайды. 

"Біз қоғамның сенімін ақтап, мемлекеттік наградалардың беделін сақтап қалу үшін ашық әрі объективті болуымыз керек. Сондай-ақ, азаматтарымыздың ел игілігіне жұмсаған күш-жігері әділ бағаланауы керек. Менің тілегім – мемлекеттік марапат әділ жолмен лайық адамға берілсін!", – дейді блогер.

Еске салсақ, осыған дейін Әли Оқаповтың “Құрмет” орденімен марапатталғанын сүйіншілеп едік.

ватсап канал

Талқылау