"Жауын жауып, үсік жүреді": Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады
Қазгидромет ел аймақтарына арналған 30 қыркүйек пен 2 қазанға арналған ауа райы болжамын жасады. Алдағы күндері республиканың көп бөлігіне жаңбыр, желдің күшеюі және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында жауын-шашын болады.
1 қазанда Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде жауын күтіледі. Республиканың батысында ғана салыстырмалы түрде қолайлы температуралық фоны бар жауын-шашынсыз ашық ауа-райы сақталады. Еліміздің көп бөлігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжануда.
Республиканың солтүстік жартысындағы ауа температурасы түнде 0-8, күндіз 10-23 градуста жылы болмақ. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 5-15, күндіз 18-25 градуста жылы ауа райы күтіледі. Ал түнде солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 3 градусқа дейін үсік күтіледі.
Су есептегіштерді "ақылды" су есептегіштерге ауыстыру міндетті ме? Қазақстандықтар не білуі керек
Тұрғын: "Неге қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін есептегіштердің құнын тұтынушылар өз қалтасынан төлеуі керек?"
Төрт тілде еркін сөйлейтін қазақстандық жігіт ауылда мал бағып жүр
Әділет: "Әкем мал шаруашылығында, анам тазалықшы, тіл курсына артық қаржы болмады"