Жауын-шашын болады: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан бойынша 13-15 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамы шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің барлық аумағында жауын-шашын күтіледі.
"13-15 қарашада Қазақстандағы ауа райын солтүстік-батыс циклон жырасы және онымен байланысты фронталды бөлімдер айқындайды. Батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, циклон республиканың барлық өңірін қамтиды, сондықтан жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, солтүстікте бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі. Батыста ауа температурасы түнде 5 аяз – 3 жылу, күндіз 3 аяз – 10 жылу, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыс пен орталықта түнде 1-10 аяз, күндіз 5 аяз – 7 жылу, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 1-10 аяз, күндіз 2-10 жылу болжанады", - дейді синоптиктер.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады