Жас балуандарымыз Еуропа кубогінде топ жарды
Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Грекияда өтетін Еуропа кубогінде үздік шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дзюдодан жасөспірімдер арасында Грекияда өткен Еуропа кубогында Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды. Жарыста қазақстандық жасөспірімдер 2 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық сайыста медаль кестесінде бірінші орынға көтерілді. Атап айтқанда, Гүлхан Шыңғысхан (-48 келі) мен Расул Мұқым (-81 келі) алтыннан алқа тақса, Әсел Русланова (-48 келі), Даниял Сейілхан (-50 келі) және Алтынбек Қонысбай (-60 келі) күмісті олжалады. Ал Нұрдос Досберген (-60 келі), Марғұлан Игілік (-60 келі) және Әділжан Жаудинов (+90 келі) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Еуропа чемпионатына 29 елден 300-ге жуық жас татами шебері қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады

