Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапония туралы таңғажайып 15 мәлімет

Жапония таңғажайып ел. Бұл мемлекетте адамдар жүз жылдан астам өмір сүреді және балалардың орнына үй жануарларын асырап, жұмыс орнында ұйықтай береді, деп жазады Stan.kz.

Жапония туралы қызықты 15 дерек

  1. Жапонияның құрамында 6 800-ден астам арал бар. Олардың ішіндегі ең үлкені – Хоккайдо, Хонсю, Сикоку және Кюсю.
  2. Жапонияда 100-жылдық мерейтойын атап өткен 50 мыңнан астам адам өмір сүреді. Елде өмір сүру ұзақтығының ең жоғары деңгейі – 83,7 жас.
  3. Жапония әлемдегі ең жылдам пойыздардың бірі қатынайды. Олардың кестеден ауытқуы әдетте 18 секундтан аспайды. Сонымен қатар, магнитті көпшіктегі пойыз жылдамдықты 603 км / сағ дейін көбейтуге қабілетті. Бұл абсолютті рекорд.
  4. Жапонияда жыл сайын шамамен 1,5 мың рет жер сілкінеді. Елдің бүкіл тарихындағы ең жойқын сілкіністердің бірі 2011 жылдың наурызында болған еді. Сол жылғы жер сілкінісі 15869 адамды ажал құштырған цунамиді көтерді.
  5. Жапонияда балаларға қарағанда үй жануарлары көп. Елдегі жүндес жанурлар саны 19,8 миллионға жетсе, балалар саны демографтардың есептеуі бойынша 15,9 миллионға жеткен.
  6. Жапониядағы ұялы телефондардың 90%  су өткізбейді. Себебі, жастар оларды тіпті душта да қолданады.
  7. Жапонияда төртбұрышты қарбыз өсіріледі. Бұл пішін жемісті қаптау және тасымалдау процесін айтарлықтай жеңілдетеді.
  8. Жапондықтар қоғамдық орындарда, тіпті жұмыс орнында жиі ұйықтайды. Бұл тәжірибе инэмури деп аталады. Бір қызығы, басшылар қол астындағы қызметкерлері компьютерге бүкшиіп ұйықтап жатса, ескерту жасамайды екен. Өйткені, олар ауыр жұмыстан зорыққан деп есептеледі.
  9. Жапония мен Ресей Куриль аралдарының иелігіне қатысты дауды әлі шешпеді. Бұл пікірталас Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері 70 жылдан астам уақыт бойы жалғасуда.
  10. Жапонияның Осакада қаласында автомобиль жолы өтетін ғимарат бар. 16-қабатты бизнес орталығы Gate Tower Building деп аталады. Бұл ғимаратты салу туралы шешім қабылданған кезде, онда жол бар болған болатын. Сонда жердегі табысты жоғалтпау үшін, магистралды ғимарат арқылы жіберу туралы шешім қабылданды.
  11. 1 миллионға жуық жапондық хикикомор, яғни қоғамдық өмірден өз еркімен бас тартқан адамдар. Олар әртүрлі, жеке және әлеуметтік себептерді басшылыққа ала отырып, жалғыздықты таңдап өмір сүреді.
  12. Жапонияның ең үлкен диаспорасы Бразилияда тұрады. Онда шамамен 1,5 миллион адам бар. Олардың жаппай қоныс аударуы 19 ғасырдың соңында Жапония халқының көптігінен басталған болатын.
  13. Жапониядағы көшелердің көбіне ешқандай атау берілмеген. Онда мекен-жай ретінде кварталдардың саны қолданылады.
  14. Жапонияда қояндардың арқасында танымал болған Окуносима деген арал бар. Мұнда 700 бастан аса қоян тіршілік етеді. Бұл жануарлар жабайы болғанымен, олар көшелерде еркін жүріп, тіпті адамдармен байланыс жасайды. Бұл ерекшеліктің арқасында Окуносима қояндар аралы деп атала бастады.
  15. Жапония Корея, Тайланд және Либериядан басқа, ешқашан еуропалық колониялар болмаған төрт заманауи елдердің бірі.

    Жапония туралы 15 дерек: Қазақстандық актер Санжар Мәдиді не таңқалдырды >>>

Талқылау