Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапония туралы 15 дерек: Қазақстандық актер Санжар Мәдиді не таңқалдырды

Қазақстандық актер Санжар Мәди неге таңқалғаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Sсat компаниясының Жапонияға ашылған әуе рейсімен алғашқылардың бірі болып ұшқан белгілі актер Санжар Мәди сол елдің ерекшеліктерін айтып жазба қалдырған. Өнер иесі бұл мемлекетке визаның тегін екенін айтып қуанды. 

"Виза тегін. Жапонияның Астанадағы елшілігінде жасалады. Бағалары әртүрлі қонақ үйлер бар. Тамақтың бағасы 5.5 доллардан басталып, ары қарай кете береді. Бәрі сондай әдемі. Көліктер өте қымбат. Таксиге отырғаның үшін 23 доллар, метро бір аялдама 1.5 доллар. Барлық жерде итпен жүруге рұқсат етіледі", - дейді Санжар Мәди. 

Сонымен қатар, актер Жапониядағы полиция қызметкерлері мен жедел жәрдемге қатты риза болған. Ол бұл елде қауіпсіздік қатты қадағаланатынын да жасырмай, қандай әрекеттерге тиым салынғанын айтып берген болатын.

"Полиция мен жедел жәрдем қызыл түстен өткені үшін кешірім сұрайды. Өз өзіне қол жұмсау көп болғандықтан барлық көпірлер қақпалармен жабылған. Темекі тартуға қатаң түрде тиым салынған. Арнайы орындарда ғана рұқсат етілген. Барлық жерде үлкендерге арналған журналдар бар. Apple pay кейбір жерлерде істемейді. Барлық музейлер тегін", - дейді Санжар Мәди. 

Талқылау