Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Хамитованың асылып қалғаны рас па? Әншінің өлімі жайлы ағасы айтып берді

Жанар Хамитова 30 жасында қыршыннан қиылды. Желіде жас әншінің асылып қалғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Алайда Жанардың ағасы қаза жайлы айтары басқа.

Жанар

Журналист Дина Төлепберген парақшасында әншінің ағасы Тәшібек Хамитовтың сұхбатын жариялады. Ол әншінің неден көз жұмғанын айтты. 

"Жанардың Қарқаралыға келгеніне екі-үш күн болған. Үй жинап, еден жуып жатқанында жүрегі тоқтап мерт болды. "Асылып қалды" деп желіде тарап жатқан қаңқу әңгіменің бәрі жалған", - деді ол Руслан Өтепбайға берген сұхбатында.

"Қаңқу, қауесеттен ада болып, жақындарына көңіл айтайық", - дейді Руслан Өтебай.

Бүгін Жанар Хамитованың қаза болғаны туралы қаралы хабар жарияланды. Желіде әншінің асылып қалғаны туралы да айтылып жатты.

Әншінің қазасын полиция растап, тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. 

"Желіде Жанар жайлы қанқу сөздер өріп жүр. "Асылып қалыпты, өзіне қол жұмсапты" деп көсіліп жатыр білгіштер. Ал шынтуайтына келгенде Жанардың нәзік жүрегі мына өрімтал өмірге шыдас бермей өз соғуын тоқтатты. Нақтысы осы. Жалған ақпаратқа бой алдырмайық. Жанар, жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазды Дина Төлепберген.

Жанар Хамитованың жерлеу рәсімі сәрсенбі күні өтеді. 

«Ол қолдауға зәру адам еді»: Әріптестері Жанар Хамитовамен қоштасты >>>
Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Скотч байлап қойған": Bek Air компаниясына қатысты сұмдық ақпараттар жария болды

Ең басты туындайтын сауал – осыншама қателік бола тұра, ұшу сертификаты қалай берілген?

"Басы ісіп, көздері шарасынан шығып кетейін деп тұрды": Сарыағашта 9 жасар бала соқырішекке жасалған отадан көзі көрмей, тілсіз қалған

Бас дәрігердің орынбасары кінә әріптестерінен екенін жасырмайды

Елімізде кинотеатрлар қатары артып, алыс аудандарда де кино көрсететін орындар ашылуы мүмкін

Еліміз бен әлемдік прокатқа шыққан туындыларды шалғай елдімекен тұрғындарының тамашалауына мүмкіндік тумақ

СІМ қазақстандық кәсіпкердің Испанияда қайтыс болу себебі түсіндірді

Марқұмның денесі екі-үш күнде жеткізіледі

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық вирустың Қазақстанда тарағаны туралы хабарламаған жауап берді

Департамент біздің елде мұндай инфекцияның тіркелмегенін атап өтті

Алматы облысында қыз алып қашқан 4 жігіт сотта жауап берді

Жастарға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді

Үкімет тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарының мөлшерін қайта есептейді

Президент жұмыс тобының ұсыныстарын қабылдады

Қытайдың Ухань қаласында қалған қазақстандық студенттерді елге эвакуацияламайды

230 студенттің жартысы Қазақстанға келіп үлгерді

Скляр: Bek Air жолаушылардың ақшасын қайтаруы тиіс

Роман Скляр: Мүлкін сата ма, басқа істей ме, ақша қайтарылу керек

Ер адам зираттан кездейсоқ өз қабірін тауып алды

Хэттель құлпытасты оның ескерусіз салынғанын айтты
Çàãðóçêà...