Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа зеландиялықтар ішімдік ішуге салынған тыйым үшін құмнан арал жасап алды (фото)

Жаңа зеландиялықтар Жаңа жылда таза ауада қарсы алып, қоғамдық орындарда ішімдік ішуге салынған тыйымды айналып өту үшін, жағалау маңындағы суға арал салып алды, деп хабарлайды BBC басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, жаңа арал өткен жексенбіде Тайруа өзенінің сағасындағы судың қайтуы кезінде Коромандел түбегінің жағалауында пайда болған.

Жасанды арал жасап алған жаңа зеландиялықтар аралға серуенге арналған үстел мен салқындатылған сусындарға арналған жәшік қойған. Өзен суы көтерілгенде, төбешік су ортасында қалған. Осы маңға жиналған тұрғындар төбешікте отырғандардың «халықаралық суларда» қалғанын және осылайша қоғамдық орындарда ішімдік ішуге салынған тыйымнан құтылып кеткенін айтып әзілдеген.

Stuff.co.nz басылымы хабарлағандай, демалушылар тобы аралда Жаңа жыл түнін өткізген.

Айта кетсек, Коромандел қаласының билігі Жаңа жыл мейрамында қоғамдық орындарда ішімдік ішуге тыйым салған. Заң бұзушыларға 250 жаңа зеландиялық доллар (58 200 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе қамауға алынады.

Алайда қала билігі бұл оқиғаға қатысты әзілмен жауап берді.

«Тамаша ой. Егер мұндайдан хабардар болсам, оларға өзім де қосылар ма едім», – деді жергілікті полиция басшысы инспектор Джон Келли.

Алайда кейбір жергілікті белсенділер билік енгізген заңның жұмыс істемейтінін және тек бірнеше адамның тұтқындалғанын айтып жатты.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та туған айы мен жылы бөлек егіздер дүниеге келді

Дубайдағы ғажайып лазерлік шоудың видеосы жұртты тамсандырды (видео)

Түркіменстанда қара түсті автокөліктерге тыйым салынды

АҚШ-та өлім аузында жатқан қыз ақтық демі таусылар сәтте тұрмысқа шықты

Талқылау