Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркіменстанда қара түсті автокөліктерге тыйым салынды

Түркіменстанда қара түсті автокөліктер автотұрақтардан эвакуацияланатын болады, деп хабарлайды Түркіменстан хроникасы басылымына сілтеп Stan.kz.

Хабарланғандай, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап қара түсті автокөліктерді пайдалануға тыйым салынады.

Бірнеше күн бұрын автокөлікті ақ немесе басқа да ашық түсті бояумен бояу туралы қолғат арқылы автокөліктер иелеріне қайтарыла бастаған еді.

«Азаттық» радиосының ақпаратына сәйкес, жаңа талап салдарынан автокөліктерге қызмет көрсету орталықтарында автокөлікті бояу қызметінің бағасы 2 есе өскен. Бұған дейін автокөлікті бояу бағасы 500 АҚШ долларын құраса, қазіргі құны 1 000 АҚШ долларын құрайды.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап Түркіменстанға өзге мемлекеттерден қара түсті автокөліктердің әкелінуіне тыйым салынған  еді.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та өлім аузында жатқан қыз ақтық демі таусылар сәтте тұрмысқа шықты

Солтүстік Корея басшысы: ядролық қарудың батырмасы жұмыс үстелімде тұр

Ресейде оқушы қыз сабақ үстінде мұғаліміне сезімін білдіріп, ұсыныс жасады (видео)

Ұлыбританияда көпшілік алдында жыныстық қатынасқа түсіп, мүгедекпен төбелескен әйел 13 айға сотталды

Талқылау