Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Корея басшысы: ядролық қарудың батырмасы жұмыс үстелімде тұр

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ел халқын жаңа жылмен құттықтай келе, АҚШ-қа ядролық зымырандарды іске қосуға әзір отырғанын ескертті, деп хабарлайды РиаНовости басылымына сілтеп Stan.kz.

“Мен ешкімді қорқытпаймын. Алайда ядролық қарудың батырмасы менің жұмыс үстелімде тұрғанын біліп қойыңдар”, — деп мәлімдеді Ким Чен Ын.

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның сөзінше, Америка КХДР-ге қарсы соғыс ашып абырой таппайды.

Сонымен қатар ол халыққа жаңажылдық үндеуінде елді ядролық оқтұмсықтар мен баллистикалық зымырандарды жаппай өндіруді жылдамдатуға шақырды.

“Ядролық оқтұмсықтар мен баллистикалық зымырандарды ірі ауқымды өндіруді және нақты орналастыруды жандандыру қажет”, — деді ол.Сондай-ақ Ким Чен Ын КХДР ұлттық ядролық күштерді құру жұмыстарын аяқтап қалғанын айтты.

Солтүстік Корея соңғы жылдары АҚШ-тан қауіп төніп тұр деген желеумен құрылықаралық баллистикалық зымырандар мен ядролық оқтұмсықтарды жасаумен айналысып жатыр. БҰҰ санкцияларды әр жолы күшейткенмен Пхеньянді ядролық бағдарламасын тоқтатуға мәжбүрлей алмай отыр.

Оқи отырыңыз:

Ресейде оқушы қыз сабақ үстінде мұғаліміне сезімін білдіріп, ұсыныс жасады (видео)

Ұлыбританияда көпшілік алдында жыныстық қатынасқа түсіп, мүгедекпен төбелескен әйел 13 айға сотталды

Аяз атаның бас киімін киіп, дорба арқалаған Барак Обама балаларды құттықтады (видео)

Таиландта банк қызметкері 13 мың жылға бас бостандығынан айырылды

Талқылау