Жамбыл облысындағы демалыс орындарының бірінде бала бассейнге батып кетті
Жамбыл облысында бала суға батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті айтып берді. Кеше Жамбыл облысында суда қайғылы оқиға тіркеліп, нәтижесінде 8 жастағы бала көз жұмған.
"21 маусымда, сағат 15.30-да Жуалы ауданындағы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы аумағында орналасқан демалыс орындарының бірінде орналасқан, тереңдігі 3 метр болатын бассейнде 2012 жылы туылған бала суға батып кетті деген хабарлама түсті", - дейді департамент.
Белгілі болғандай, баланы ата-анасы қараусыз қалдырған. Оқиға орнына Жамбыл облысының ТЖД 2 қызметкері мен 1 техникасы шықты.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"