Жамбыл облысында ер адам полиция қызметкерлерін “отжимание” жасауға мәжбүрлеген (видео)
Желіде Жамбыл облысында азаматтық киім киген ер адамның бір топ полиция қызметкерін "отжимание" жасауға мәжбүрлеген видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған видеодан қызметтік киім киген полицейлердің азаматтық киім киген ер адамның нұсқауымен отырып-тұрып, серіппе жаттығуын жасап жатқанын көруге болады. Видеоның сипаттамасында ақ жейде киген ер адамның Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының орынбасарларының бірі екені айтылған.
Ішкі істер министрлігі видеоға қатысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді.
"Қызметтік тексеру жүргізілуде, тексеріс қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі", – делінген министрлік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзиннің қызметкерлерін балағаттаған видеосы тараған еді.
"Балам мектепке бармаймын деп жылайды": Қазақстандық әйел баласына бұралқы иттер шабуыл жасағанын айтып, шағымданды
Оксана: "Адамдардың үйінде асырап отырған мысығын, қояны мен тауығын жеп кетті"
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Төлемдер республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және ардагерлердің барлық санатына толық көлемде беріледі