“Сендерді жек көремін, жоғалыңдар”: Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы қызметкерлерін балағаттаған
Желіде Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзиннің қызметкерлеріне қатты ұрсып, балағаттаған бейнежазбасы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеода жиналыс өткізіп отырған Баймурзиннің үстелді ұрып, қол астындағыларды балағаттап жатқанын көруге болады.
"Сендерді жек көремін. Бұл жерден жоғалыңдар", – деп айғайлаған Баймурзин.
Арманбек Хакімбекұлы Баймурзин 2022 жылғы 10 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарып келеді.
Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбе облысының полицейі үйлену тойынан кейін мас күйінде көлікке отырып, рульге ие бола алмай, жас жұбайларды қағып өлтіргенін жазғанбыз.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"