Жалпы есепте Өзбекстан алда: Халықаралық турнирде қазақстандық төрт боксшы алтын жүлде еншіледі
Фото:ҚБФ
Болгария астанасы Софияда бокстан халықаралық турнир “Странджа кубогінде” қазақстандық 9 боксшы жүлдеге ілікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның төртеуі алтын, 2 күміс, 3 қола.
Алтын жүлдені 50 келіде Даниал Сәбит, 54 келіде Элина Базарова, 80 келіде Надежда Рябец және +80 келіде Валерия Аксенова жеңіп алды.
Ал күміс медаль 70 келіде Фарух Тоқтасынов пен 65 келіде Лаура Есенкелдіге бұйырды.
Үш қола медальді 54 келіде Әнел Сақыш, 75 келіде Валентина Хальзова мен +80 келіде Дина Исламбекова еншіледі.
Айта кетейік, бұл додаға барлығы Қазақстан атынан 39 боксшы аттанған еді. Соның небәрі тоғызы ғана жүлдеге ілікті.
Нәтижесінде Қазақстан жалпы есепте 4 алтынмен 2-орынға тұрақтады. Бірінші орынды 7 алтын жүлде еншілеген Өзбекстан жайғасты. Үздік үштікті 3 алтын медальмен Украина елі түйіндеп тұр.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады