Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сырты әдемі болғанымен, іші бос": Алматы облысындағы ауылдардың біріндегі аурухана құрал-жабдықтарсыз, дәрігерлерсіз жұмыс істеп тұр

Ауылда 2,5 мың тұрғынға бір ғана терапевт бар. Жалаңашта дәрігер мен дәрі-дәрмек жетіспейді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтемемен.

Жаланаш ауылл

Алматы облысы Жалаңаш ауылындағы дәрігерлік амбулатория бүкіл аудан бойынша – жалғыз. Бөлмелердің кең болғаны мен жаңа төсек орындарының болғанымен, көп кабинет бос. Үш қабатты ғимарат 900 миллионға жуық теңгеге күрделі жөндеуден өткен. Бірақ науқастарды емдейтін ешкім де, ештеңе де жоқ – дәрігерлер де, құрал-жабдықтар да жетіспейді.

“Бұл аурухана аудандық аурухана болған кезде 2000 жылға дейін тоғыз ауылдың тұрғындары емделуге келіп тұратын. Сосын халық санының азаюына байланысты аурухана Кегенге көшірілді деп айта бастады. Сосын біз мүлдем елеусіз қалдық. Күрделі жөндеу жүргізілді, бірақ бірде-бір аппарат жоқ. Сырты әдемі болғанымен, іші бос”, – дейді Мейірбек Тұрлықожаев.



Әрбір 2,5 мың тұрғынға орта есеппен бір тәжірибелік дәрігер, хирург және тіс дәрігері келеді. Жүкті әйелдер босану үшін облыс орталығына барады екен. Кегенге жету үшін олар таксимен 100 шақырымдай жол жүруі керек. Осылайша болашақ аналар бастарын тәуекелге тігуге мәжбүр, өйткені ауылда гинеколог жоқ.

“Кегенге барамыз. Асудан өткен кезде қан қысымымыз көтеріледі. Ауруханаға таксимен жетеміз. Жол ақысы – 3000 теңге. Дәрігерге сынақтарды тапсырып, сосын тағы үш сағат күтеміз. Айына екі рет Кеген ауруханасына бару керек болып тұрады. Кенеттен толғақ басталып, жолдың үстінде босанып қоямын ба деп қорқамын. Себебі жақын жер емес”, – дейді Айгүл Айтмаханова.

Жергілікті тұрғындар тіпті шұғыл операцияға Кеген ауылына жіберілетінін айтады.

 

Талқылау