"Ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландырды": Айжан Байзақованың інісі ұсталған сәтінен видео жариялады
Танымал блогер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов полиция қызметкерлері алып кеткен сәтінен видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Желі жұлдызы оқиғаның мән-жайын айтып, ешқандай қылмыстық топқа қатысы жоқ екеніне сендірді.
“Мені ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысы бар және оны қаржыландырды, бопсалаумен айналысты деген күдікпен ұстады. Мен ешкімді бопсаламадым. Қылмыстық топқа қатысым да жоқ. 24 жасымда түсіме кірмеген дүниені көрдім. Бұл оқиға маған үлкен сабақ болды. Жақындарыма соққы болып тиді. Ешкімге мұндайды тілемеймін", – деп жазды блогер.
Айта кетейік, Отандық БАҚ беттерінде танымал блогер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов “Дикий Арманның” қылмыстық тобына қатысы бар деп айыпталған еді.
“Аталған азамат полицияға куәгер ретінде жеткізілді, ол жедел-іздестіру шараларынан кейін босатылды", – делінген ресми хабарламада.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"