Жетісу облысында 18 жастағы жігіт әскерге жолдама ұтып алды

Жаркентте Отан қорғаушылар күніне орай орталық алаңда өткен мерекелік шарада 18 жастағы жігіт әскерге жолдама ұтып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тұрғындарға концерт ұйымдастырылып, түрлі сыйлықтар ойнатылды.
Алайда ең ерекше лот – әскерге жолдама болды.
Бұл жолдаманы 18 жастағы Рахат Қабылжан ұтып алды. Жігіттің айтуынша, бұл ол үшін әзіл де, тосынсый да емес, көптен бергі арманының орындалуы.
Оның көптеген туысы мен танысы шекара қызметінде және әскери салада жұмыс істейді.
"Мен оларға әрдайым қызыға қарайтынмын. Ал жолдаманы дәл осылай алуым мен үшін нағыз мерекелік сыйлық болды", – деді ол.
ОқыңызАудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бұл ұтыс жастардың әскери қызметке қызығушылығын арттыру үшін арнайы ойластырылғанын айтты.
"Әдетте адамдар жолдаманы демалысқа бару деп қабылдайды. Сондықтан әскерге шақыру көрермендерге тосын әсер етті. Біз оны өзі қалаған жерге қызмет етуге жібереміз. Тұрғындардың реакциясына қарасақ, бұл идея көпшілікке ұнаған сияқты", – деді бөлім басшысы Серік Асанов.
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті