Әскерге бармаған 50 жасқа дейінгі қазақстандықтарды қайта әскери даярлықтан өткізу ұсынылды

Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі, запастағы полковник Ғани Артықов бұрын әскери қызметтен өтпеген 27 жастан асқан қазақстандықтарды әскери қайта даярлауға жіберуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ғани Артықовтың айтуынша, бұл шара елдің жұмылдыру резервін күшейту үшін, қазіргі халықаралық жағдайға байланысты қажет.
"Біріншіден, қазіргі халықаралық жағдайды ескерсек, еліміздің әскери әлеуеті мен қуатын арттыру үшін жалпыға бірдей әскери міндетті қайта қалпына келтіруіміз керек. Осылайша, бір жылдық әскери дайындық аясында сарбаздар жұмылдыру резервін толықтыру үшін дайындалады. Сонымен қатар біз сарбаздарды 40 күндік әскери-техникалық мектептерде оқытамыз: атқыштар, гранатаатқыштар, пулеметшілер және басқа да мамандықтар бар. Мұнда дрондармен жұмыс істеуді үйрену мүмкіндігі де бар, мұны да енгізуіміз керек. Бұдан бөлек, бір айлық әскери жиындар өткізіледі”, – деді подполковник.
Осылайша ол 27 жастан асқан, бұрын әскери қызметтен өтпеген 50 жасқа дейінгі азаматтарды қайтадан әскери дайындықтан өткізу ұсынды.
Алайда желі қолданушылары бұл ұсынысты сынға алды. Олардың бір бөлігі елде кәсіби әскер айтып, күшті сол әскерді дайындауға жұмсау керегін жеткізді. Олардың пікіоінше, барлық азаматтарды жаппай қайта оқытудың қажеті жоқ. Екінші топ әскери бөлімдердегі мәселелерді, сарбаздар арасындағы әлімжеттікті еске салды. Сондай-ақ олар 27 жастан асқан ер азаматтардың көбінің отбасы мен балалары бар екенін айтты.
Ал енді бірі Ғани Артықовты қызметінен босатуды талап етті.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
Оқыңыз